Қазақстандық Киелі Кітап 1993
|
| 1 |
| Осыдан кейін Дәуіт Жаратқан Иенің еркін білу үшін Одан: — Яһуданың қалаларының біріне өрлеп баруым керек пе? — деп сұрады. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды: — Иә, сол жерге бар! — Қайсысына барайын? — Жаратқан Ие: — Хебронға! — деп бұйырды. |
| 2 |
| Сонымен Дәуіт екі әйелі: ізрелдік Ахиноғам мен кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелді ертіп алып, сол жаққа көшіп барды. |
| 3 |
| Дәуіт қасында жүрген адамдарын да отбасыларымен бірге ілестіріп, бәрі Хебронның өзіне және маңындағы қалашықтарға қоныстанды. |
| 4 |
| Сонда Яһуда руының адамдары келіп, Дәуітке май жағу рәсімін жасап, оны Яһуданың патшасы етіп тағайындады. Ғилақадтағы Ябестің тұрғындары Саулдың мәйітін қабірге қойыпты деген хабар Дәуітке жетті. |
| 5 |
| Сонда ол сол қалаға елшілерін жіберіп, оларға мына сәлемін жолдады: Тақсыр иелеріңіз Саулға жақсылық жасап, сүйегін қабірге қойғандарыңыз үшін Жаратқан Ие сіздерді жарылқап, |
| 6 |
| лайым Өзінің берік мейірімі мен сенімділігін көрсете берсін! Бұл істегендеріңізді мен де жақсылықпен қайтарамын. |
| 7 |
| Сондықтан мықты да батыл бола беріңіздер! Тақсыр иелеріңіз Саул көз жұмды. Ал Яһуда руы мені өздерінің патшасы етіп тағайындады. |
| 8 |
| Алайда Саулдың қолбасшысы Нер ұлы Әбенир Саулдың тірі қалған ұлы Ишбосетті ертіп алып, Иорданнан өтіп, Маханайымға барды. |
| 9 |
| Сол қалада ол Ишбосетті Ғилақад, Ашур, Ізрел, Ефрем, Бунямин және Исраилдің қалған аймақтарының үстінен патша етіп тағайындады. |
| 10 |
| Саул ұлы Ишбосет Исраилге патшалық құра бастағанда жасы қырықта еді. Ол екі жыл билік жүргізді. Алайда Яһуда руы Дәуітті қолдап оған адал болды. |
| 11 |
| Дәуіт Хебронда жеті жыл алты ай бойы Яһуда еліне патшалық құрды. |
| 12 |
| Бірде қолбасшы Әбенир Ишбосеттің жасақшыларын ертіп алып, Маханайымнан Гибеонға аттанды. |
| 13 |
| Сарұяның ұлы Жоғаб та Дәуіттің сарбаздарымен бірге аттанып, оларды Гибеондағы хауыздың жанында кездестірді. Бір жасақ хауыздың бергі жағасына, екіншісі хауыздың арғы жағасына орнықты. |
| 14 |
| Әбенир Жоғабқа: — Бірқатар жас жігіттер алға шықсын, олар біздің алдымызда күш сынасып көрсін! — деп ұсынды. Жоғаб: — Жарайды, шықсын! — деп келісті. |
| 15 |
| Содан жігіттер орындарынан тұрып, алға шықты. Олар саналып, Бунямин руынан Саул ұлы Ишбосеттің атынан он екі, Дәуіттің сарбаздарынан да он екі болып бекітілді. |
| 16 |
| Сынасқандардың әрқайсысы қарсыласының басынан шап беріп ұстап алып, қолындағы семсерін оның бүйіріне сұғып алды. Осылай екеуі де бірдей мерт болды. Сондықтан сол жер Хелқат-Хасурим (яғни Семсер жүзі майданы) деп аталып кетті. Ол Гибеон жақта орналасқан. |
| 17 |
| Сол күні қиян-кескі шайқас болды. Дәуіттің сарбаздары Әбенирді және Солтүстік Исраилдің адамдарын жеңіп шықты. |
| 18 |
| Сарұяның Жоғаб, Әбішай және Асахил есімді үш ұлы да сол жерде болды. Олардың ішінде Асахил даланың ақбөкеніндей желаяқ болатын. |
| 19 |
| Сол Асахил Әбенирдің соңына түсіп алып, не оңға, не солға бұрылмай өкшелеп қалмай қойды. |
| 20 |
| Біраздан кейін Әбенир артына қарап, — Бұл сенбісің, Асахил? — деп сұрады. Ол: — Иә, бұл менмін, — деп жауап берді. |
| 21 |
| Әбенир оған: — Не оңға, не солға бұрылып, мына жас жігіттердің біріне бас салып, соның қару-жарағын олжала! — деп ұсынды. Бірақ Асахил тоқтамастан оның соңынан қалмады. |
| 22 |
| Әбенир Асахилге тағы бір рет ескертіп: — Менің соңыма түсуіңді доғар! Неге сені шауып өлтіруім керек? Олай істесем, ағаң Жоғабтың алдына не бетіммен барамын? — деді. |
| 23 |
| Бірақ Асахил қалмай қойды. Сонда Әбенир найзасының сабын оның ішіне сұғып алып, сап оның арқасынан бір-ақ шықты. Ол құлап, сол жерде жан тапсырды. Асахил қаза тапқан жерге келгендердің бәрі де сонда тоқтай қалды. |
| 24 |
| Ал Жоғаб пен Әбішай Әбенирдің соңына түсті. Күн батып қалғанда олар Гибеонның елсіз даласына бара жатқан жолдағы Гияхтың маңындағы Амма төбесіне жетті. |
| 25 |
| Буняминдіктер Әбенирдің артына жиналып, бір топ құрып, төбе басына бекініп алды. |
| 26 |
| Әбенир Жоғабқа дауыстап былай деді: — Семсер қашанға дейін жалмай бермек? Мұның арты ащы қасіретпен бітетінін білмейсіз бе? Ағайындарыңның соңынан қууды тоқтатыңдар деп жасағыңа қашанғы бұйырмайсыз? — |
| 27 |
| Жоғаб оған: — Мәңгі тірі Құдайдың алдында шын айтамын: сіз осыны айтпағанда жасақ өз ағайындарын қуудан таң атқанда ғана бас тартқан болар еді! — деп жауап қайтарды. |
| 28 |
| Содан Жоғаб керней тартып, жасақшыларына белгі берді. Барлығы тоқтап, Солтүстік Исраилдің жасағын қудалап олармен соғысуын қойды. |
| 29 |
| Әбенир мен оның адамдары сол түні бойы Иордан алқабындағы елсіз дала арқылы жүріп, өзеннен өтіп, Битрон жылғасының бойымен жүре отырып Маханайымға жетті. |
| 30 |
| Жоғаб та Әбенирдің қуғынынан қайта оралды. Ол сарбаздарын бір жерге жинап түгендеді. Сонда ол Дәуіттің Асахилден басқа тек он тоғыз қызметшісінің ғана жоқ екендігін санап біліп алды. |
| 31 |
| Бірақ Дәуіттің сарбаздары буняминдіктер мен Әбенирдің адамдарының үш жүз алпысының көзін жойған болатын. |
| 32 |
| Жоғаб және қасындағылар Асахилдің мәйітін әкесінің Бетлехемдегі қабіріне қойды. Содан соң Жоғаб пен оның адамдары түні бойы жол жүріп, таң атқанда Хебронға жетті. |
|
| Ескертулерді Сақтау |
https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/2samuel/002.mp3
24
2