Қазақстандық Киелі Кітап 1993
|
| 1 |
| Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендері мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды. |
| 2 |
| Олардың жетекшілері: Зоробабел, Ешуа, Нехемия, Сераях, Регелай, Мардохай, Билшан, Міспар, Бигуай, Рехум, Бағанах. Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны: |
| 3 |
| Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам. |
| 4 |
| Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам. |
| 5 |
| Арахтың ұрпақтары: жеті жүз жетпіс бес адам. |
| 6 |
| Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб атты екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он екі адам. |
| 7 |
| Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам. |
| 8 |
| Заттудың ұрпақтары: тоғыз жүз қырық бес адам. |
| 9 |
| Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам. |
| 10 |
| Банидың ұрпақтары: алты жүз қырық екі адам. |
| 11 |
| Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма үш адам. |
| 12 |
| Азғадтың ұрпақтары: бір мың екі жүз жиырма екі адам. |
| 13 |
| Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс алты адам. |
| 14 |
| Бигуайдың ұрпақтары: екі мың елу алты адам. |
| 15 |
| Адинның ұрпақтары: төрт жүз елу төрт адам. |
| 16 |
| Езекияның тұқымынан шыққан Атердің ұрпақтары: тоқсан сегіз адам. |
| 17 |
| Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма үш адам. |
| 18 |
| Жорахтың ұрпақтары: жүз он екі адам. |
| 19 |
| Хашумның ұрпақтары: екі жүз жиырма үш адам. |
| 20 |
| Гибардың ұрпақтары: тоқсан бес адам. |
| 21 |
| Бетлехемнің адамдары: жүз жиырма үш. |
| 22 |
| Нетопаттың адамдары: елу алты. |
| 23 |
| Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз. |
| 24 |
| Азмауеттің адамдары: қырық екі. |
| 25 |
| Кирият-Иғаримның, Кефираның және Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш. |
| 26 |
| Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір. |
| 27 |
| Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі. |
| 28 |
| Бетел мен Айдың адамдары: екі жүз жиырма үш. |
| 29 |
| Небоның адамдары: елу екі. |
| 30 |
| Мағбиштың адамдары: жүз елу алты. |
| 31 |
| Басқа Еламның адамдары: бір мың екі жүз елу төрт. |
| 32 |
| Харымның адамдары: үш жүз жиырма. |
| 33 |
| Лод, Хадид, Ононың адамдары: жеті жүз жиырма бес. |
| 34 |
| Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес. |
| 35 |
| Сенаяхтың адамдары: үш мың алты жүз отыз. |
| 36 |
| Діни қызметкерлер: Едаяхтың Ешуадан өрбіген ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам. |
| 37 |
| Имердің ұрпақтары: бір мың елу екі. |
| 38 |
| Пашхурдың ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам. |
| 39 |
| Харымның ұрпақтары: бір мың он жеті адам. |
| 40 |
| Леуіліктер: Ешуаның және Қадмиелдің Ходауияхтан өрбіген ұрпақтары: жетпіс төрт адам. |
| 41 |
| Әншілер: Асафтың ұрпақтары: жүз жиырма сегіз адам. |
| 42 |
| Қақпа күзетшілері: Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита және Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз тоғыз. |
| 43 |
| Ғибадатхана қызметшілері: Сиха, Хасуфа, Таббаот, |
| 44 |
| Керос, Сиях, Падон, |
| 45 |
| Лебанах, Хагабах, Ақуб, |
| 46 |
| Хагаб, Шамлай, Ханан, |
| 47 |
| Гиддел, Ғахар, Реях, |
| 48 |
| Ресин, Некода, Ғазам, |
| 49 |
| Ұзза, Пасеах, Бесай, |
| 50 |
| Асна, Меуним, Нефисим, |
| 51 |
| Бақбұқ, Хақуфа, Хархур, |
| 52 |
| Баслут, Мехида, Харша, |
| 53 |
| Барқос, Сисара, Тамах, |
| 54 |
| Несиях және Хатифа есімді аталардың ұрпақтары. |
| 55 |
| Сүлейменнің қызметшілері: Сотай, Хасоферет, Перуда, |
| 56 |
| Ялах, Дарқон, Гиддел, |
| 57 |
| Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим және Ами есімді аталардың ұрпақтары. |
| 58 |
| Ғибадатхана қызметшілері мен Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам. |
| 59 |
| Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген, бірақ өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмағандар мыналар: |
| 60 |
| Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз елу екі адам. |
| 61 |
| Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос және Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын. |
| 62 |
| Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді. |
| 63 |
| Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: Нұр және Кемелділік атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды. |
| 64 |
| Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды. |
| 65 |
| Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз еркек, әйел әншілері болды. |
| 66 |
| Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры, |
| 67 |
| төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді. |
| 68 |
| Кейбір әулет басшылары Құдай Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне келгенде, оның қайтадан өзінің бұрынғы орнында салынуы үшін ерікті тартулар жасады. |
| 69 |
| Олар өз шама-шарқынша осы ұлы істің қорына арнап алпыс бір мың алтын теңге, бес мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған жүз көйлек берді. |
| 70 |
| Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, жалпы халықтың біразы, сондай-ақ әншілер, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері де өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы да (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты. |
|
| Ескертулерді Сақтау |
https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/ezra/002.mp3
10
2