Исраил үрім-бұтағының бүкіл қауымы Елимнен шығып, сол жер мен Синай тауының арасындағы Син атты елсіз далаға барды. Бұл Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі екінші айдың он бесі күні болатын.
Мысыр елінде Жаратқан Иенің қолынан өлгеніміз жақсы болған болар еді! Ол жерде етке толы қазанды айнала отырып, нанды тойғанымызша жеп жүрдік. Ал сендер бізді бүкіл қауымды аштан қатыру үшін осы шөл далаға бастап алып келдіңдер, — деп күңкілдеді.
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып мынаны айтты: Біліп қойыңдар, Мен сендерге аспаннан нан жаудырамын. Күн сайын халық далаға шығып, бір күндік тамағын жинап алсын. Осылай Мен олар нұсқауымды орындап жүр ме, жоқ па, соны сынаймын.
әрі ертеңіне азанда Оның салтанатты ұлылығын көретін боласыңдар. Жаратқан Иеге қарсы күңкілдегендерің Оның құлағына шалынды. Себебі сендер бізге қарсы наразыланып күңкілдейтіндей біз кім едік? —
Мұса оларға тағы да: — Сендерге кешке ет, таңертең тойдырып нан беретін Жаратқан Иенің Өзі болады. Оған қарсы күңкілдерің Оның құлағына жетті. Ал біз сонша кімбіз? Сендер бізге емес, Жаратқан Иеге наразылық білдіріп тұрсыңдар! — деді.
Сонан кейін Мұса Һаронға: Исраил халқының бүкіл қауымына былай де: Келіп, Жаратқан Иенің алдына тұрыңдар! Себебі сендердің наразылықтарың Оның құлағына жетті, — деді.
Һарон осыны исраилдіктердің бүкіл қауымына айтып жатқанда-ақ олар айдалаға қараса, міне, нұрлы бұлттың ішінен Жаратқан Иенің айбынды салтанаты көрінді.
Мен исраилдіктердің наразы күңкілін естідім. Оларға былай де: кешке ет жеп, ертеңіне азанда нанға тоятын боласыңдар. Сонда Менің өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді ұғынып білесіңдер, — деді.
Исраилдіктер мұны көргенде оның не екенін білмей, бір-бірінен: Ман һу? яғни Бұл не? — деп сұрасты. Мұса оларға түсіндіріп: Бұл — Жаратқан Иенің сендерге жеуге берген наны.
Мұса оларға: — Жаратқан Иенің айтқаны мынау: Ертең сенбі күні; Өзіме бағышталған демалыс күнін сақтаңдар! Бүгін жинаған тамақтан өздеріңе қанша керек болса, сонша пешке жауып не суға пісіріп алыңдар, ал артылып қалғанын ертеңге сақтап қойыңдар, — деп жауап берді.
Мұса оларға тағы былай деп қосты: Бұл сендердің бүгін жейтін тамақтарың. Бүгін Жаратқан Иеге бағышталған демалыс күні. Бұл күні осы тағамды даладан таба алмайсыңдар.
Сонда Жаратқан Ие халыққа Мұса арқылы: Сендер Менің бұйрықтарым мен нұсқауларымды орындаудан бас тартуларыңды қашан қоясыңдар? — деген сөздерін жеткізді.
(Мұса оларға былай деп те ескертті:) Сақ болыңдар, Жаратқан Ие сендерге демалыс күнін сыйлады. Сондықтан Ол сендерді жұма күні тамақпен екі күнге бір-ақ қамтамасыз етеді. Жетінші күні әркім тұрған мекенінде қалып, ешкім одан шықпасын! —
Мұса халыққа қарап: Мынау Жаратқан Иенің берген тапсырмасы: бір тегешті маннаға толтырып, келер ұрпақтарың үшін сақтап қойыңдар! Олар да Менің сендерді Мысырдан алып шыққанымда айдалада қоректенуге берген нанымды көрсін, — деді.
Содан ол Һаронға: Бір құмыраны алып, ішіне сол бір тегеш маннаны құй. Келер ұрпақтарға сақтау үшін құмыраны Жаратқан Иеге бағышталған орынға апарып қой, — деп тапсырды.