Қазақстандық Киелі Кітап 1993
|
| 1 |
| Сонда Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды: |
| 2 |
| — Исраилдің үрім-бұтағына былай де: Олар Маған сый-тартулар бағыштап ұсынсын. Шын жүрегімен ниеттенген әрбір адамнан өзінің Маған арнаған тарту-таралғысын қабылдап алыңдар. |
| 3 |
| Олардан қабылдайтындарың мыналар болсын: алтын, күміс, қола, |
| 4 |
| иірілген қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн жіптер және жіңішке иірілген зығыр жіптер, ешкінің түбіті, |
| 5 |
| қызыл түске боялған қошқар терілері, борсық терілері, аққараған ағашы, |
| 6 |
| май шамға қажетті зәйтүн майы, май жағу рәсімінде қолданылатын (майға қосылуға) немесе түтетілуге арналған хош иісті заттар, |
| 7 |
| сондай-ақ бас діни қызметкердің жеңсіз сырт киіміне және төс қалтасына тағылатын оникс пен тағы басқа да асыл тастар. |
| 8 |
| Исраилдіктер Маған арнап киелі шатыр дайындап жасасын. Мен халық арасында сол жерде тұратын боламын. |
| 9 |
| Бәрін де Мен саған көрсететін киелі шатыр мен ондағы бұйымдардың үлгісіне дәлме-дәл сай етіп жасаңдар! |
| 10 |
| Аққараған ағашынан сандық жасат. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болсын. |
| 11 |
| Іші-сырты саф алтынмен қапталып, жоғарғы ернеуі айналдыра алтынмен әшекейленіп жиектелсін. |
| 12 |
| Сандық үшін төрт алтын шығыршық құйғызып, төменгі төрт бұрышына, екеуін бір жақ бүйіріне, қалған екеуін қарама-қарсы бүйіріне бекіттір. |
| 13 |
| Мұнан кейін аққарағаннан сырықтар жасатып, алтынмен қаптат. |
| 14 |
| Сандықты көтеріп алып жүру үшін сырықтар оның екі бүйіріндегі шығыршықтардан өткізілсін. |
| 15 |
| Сырықтар әрдайым шығыршықтарға кигізулі тұрсын, оларды алып тастауға болмайды. |
| 16 |
| Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды осы сандықтың ішіне салып қой. |
| 17 |
| Сандықтың қақпағын да саф алтыннан жасат. Ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ болсын. |
| 18 |
| Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. |
| 19 |
| *** |
| 20 |
| Керуб мүсіндері қанаттарын жоғары жайып, қақпақты көлегейлеп, беттері бір-біріне қарама-қарсы, қақпаққа қарап тұрулары керек. |
| 21 |
| Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды сандыққа сал да, үстін қақпақпен жауып қой. |
| 22 |
| Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын. |
| 23 |
| Аққараған ағашынан үстел жасат, ұзындығы екі, ені бір, биіктігі бір жарым шынтақ болсын. |
| 24 |
| Үстел саф алтынмен қапталып, жақтауы айналдыра алтынмен қапталсын. |
| 25 |
| Үстелдің бетін айналдыра төрт елі бойы ернеумен жиектетіп, соны да алтынмен қаптат. |
| 26 |
| Төрт алтын шығыршық құйдырып жасатып, оларды үстелдің аяқтары орнатылған төрт бұрышына бекіттір. |
| 27 |
| Үстелді көтеріп жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылсын. Сырықтарды аққарағаннан жасатып, алтынмен қаптат. |
| 28 |
| *** |
| 29 |
| Үстелдің аяқ-табақтары мен табаларын және құйылып ұсынылатын сұйық тартуларға арналған құмыралары мен тостағандарын саф алтыннан жасат. |
| 30 |
| Нан тартуларын үстелге қойып отыр, олар ұдайы Менің алдымда болсын. |
| 31 |
| Саф алтыннан шам қойғыш та жасат. Оның тұғыры мен діңгегі, мүсінделген тармақтары, гүл тостағаншалары, қауыздары және бүршіктері түгел біртұтас алтыннан балғамен соғылып жасалсын. |
| 32 |
| Діңгегінен екі жағына үш-үштен алты тармақ шығуы керек. |
| 33 |
| Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. |
| 34 |
| *** |
| 35 |
| Бұл гүлдердің бүршіктері екі жаққа созылған үш жұп тармақтың діңгектен шыққан жерлерінің астыңғы жағында орналассын. |
| 36 |
| Тармақтарымен, бүршіктерімен бірге шам қойғыш түгелдей біртұтас саф алтыннан балғамен соғылып жасалсын. |
| 37 |
| Шам қойғышқа жеті май шамын дайындатып, оларды жарығы алдыңғы жағына түсіп тұратын етіп діңгек пен тармақтардың бастарына орнат. |
| 38 |
| Оның білте түзеткіштері мен табақшаларын да саф алтыннан жасат. |
| 39 |
| Шам қойғыш пен қажетті құрал-жабдықтары үшін бір ат басындай саф алтын жұмсалсын. |
| 40 |
| Байқа, барлығын саған осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол! |
|
| Ескертулерді Сақтау |
https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/exodus/025.mp3
40
25