Қазақстандық Киелі Кітап 1993
|
| 1 |
| Яһудаға Жосия ұлы Жохақым патшалық құрған кезде Жаратқан Ие Еремияға сөзін арнап былай деді: |
| 2 |
| Рехаптың әулетіне бар да, оларды Жаратқан Иенің ғибадатханасының бүйір жағындағы бөлмелердің біреуіне шақырып, ішуге шарап ұсын! |
| 3 |
| Сонда мен Еремияның ұлы, Абасинияхтың немересі Язанияхқа, оның бауырлары мен барлық балаларына, жалпы, рехаптықтардың бүкіл әулетіне бардым. |
| 4 |
| Оларды Жаратқан Иенің ғибадатханасына шақырдым. Сол жерде оларды Құдайдың адамы Иғдалиях ұлы Хананның үрім-бұтағының бөлмесіне ертіп апардым. Бұл бөлме ғибадатхана басқарушыларының бөлмесіне көршілес әрі ғибадатхана қақпашысы Шаллум ұлы Мағасияхтың бөлмесінің үстінде орналасқан еді. |
| 5 |
| Сонда мен рехаптықтар әулетінің ер адамдарының алдына шарапқа толы бірнеше құмыра мен тостағандар қойып: — Шараптан ішіңіздер, — деп ұсындым. |
| 6 |
| Бірақ олар былай деп жауап берді: — Біз шарап ішпейміз. Өйткені арғы атамыз Рехап ұлы Жонадаб бізге мына өсиетін айтып кеткен: Сендер өздерің де, ұрпақтарың да ешқашан шарап ішпеңдер! |
| 7 |
| Үй салып, егін егіп, жүзімдік отырғызбаңдар, сондайларды иемденбеңдер де! Керісінше, әрқашан шатырларда тұрыңдар. Сонда сендердің көшіп-қонып жүрген осы елдегі ғұмырларың ұзақ болады. |
| 8 |
| Бабамыз Рехап ұлы Жонадаб қалдырған осы өсиетті түгелдей орындап келеміз. Біздің өздеріміз де, әйелдеріміз бен ұл-қыздарымыз да ешқашан шарап ішкен де, |
| 9 |
| тұратын үй салған да емеспіз. Не жүзімдік, не егістік дала, не піскен егін иемденген кезіміз де болған емес. |
| 10 |
| Біз шатырларда тұрып, Жонадаб бабамыздың өсиетіне мойынсұнып, оны толығымен орындап келеміз. |
| 11 |
| Бірақ Бабыл патшасы Набуходоносор елге басып кіргенде біз халдейлер мен арамалықтардың әскерінен бас сауғалау үшін Иерусалимге келуді шештік. Осы себептен де қазір Иерусалимде тұрып жатырмыз. |
| 12 |
| Сонда Жаратқан Ие Еремияға сөзін арнап былай деді: |
| 13 |
| — Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Яһуданың адамдарына әрі Иерусалимнің тұрғындарына былай де: Сендер бұлардың сенімділігінен тәлім алып, Менің айтқандарыма мойынсұнудан бас тарта бермексіңдер ме? |
| 14 |
| Рехап ұлы Жонадаб өзінің ұрпақтарына шарап ішпеуді өсиеттеген еді. Олар оның өсиетін қазірге дейін орындап, бабаларының айтқанымен жүріп, осы күнге дейін шарапты ауызына алмай келеді. Ал Мен сендерге жиі-жиі айта берсем де, сендер Маған еш мойынсұнған емессіңдер. |
| 15 |
| Мен сендерге өз қызметшілерім — пайғамбарларды қайта-қайта жіберіп отырдым. Олар сендерге: Әрбіреуің теріс жолдарыңнан қайтыңдар, бөтен тәңірлердің жолын қумаңдар! Сонда сендер Жаратқан Иенің өздеріңе және ата-бабаларыңа табыстаған елінде тұра бересіңдер, деп ескертіп жүрді. Бірақ сендер Маған құлақ асып, тілімді алған жоқсыңдар. |
| 16 |
| Ойлаңдаршы: Рехап ұлы Жонадабтың ұрпақтары оның берген өсиетін ұстанып келе жатыр. Алайда мына халық Мені тыңдамай келеді! |
| 17 |
| Сондықтан Исраилдің Құдайы, Әлемнің Иесі Жаратқан Ие, мынаны айтады: Мен Яһуда мен Иерусалимнің барлық тұрғындарына алдын ала айтқан пәлені толығымен жіберемін. Себебі Мен қанша айтсам да, олар тыңдамады. Мен дауыстап шақырсам да, олар жауап берген жоқ. |
| 18 |
| Содан соң Еремия рехаптықтар әулетіне арнап былай деді: — Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы мынаны айтады: Сендер арғы аталарың Жонадабтың өсиетіне мойынсұнып, оның барлық нұсқаулары мен бұйрықтарын орындап келесіңдер. |
| 19 |
| Сондықтан Рехап ұлы Жонадабтың ұрпақтарының арасынан біреу әрқашан алдымда тұрып Маған қызмет ететін болады. — Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы осыны нық айтады. |
|
| Ескертулерді Сақтау |
https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/jeremiah/035.mp3
52
35