Қазақстандық Киелі Кітап 1993
|
| 1 |
| Ал енді, ең алдымен мынаны ескертемін: барлық адамдар үшін Құдайға сиынып, өтініштерің мен алғыстарыңды білдіріңдер. |
| 2 |
| Патшалар мен басқа да барлық әкімшілік иелері үшін де мінажат ету керек; соның нәтижесінде біз барлық жағдайда Құдайға ұнамды да адал болып, тыныш та бейбіт өмір сүрмекпіз. |
| 3 |
| Бұл игілікті әрі Құтқарушымыз Құдайға ұнамды. |
| 4 |
| Ол барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды. |
| 5 |
| Құдай — біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх. |
| 6 |
| Бәрін күнәнің құлдығынан босату үшін Мәсіх жанын құрбан етіп, соның төлемін өтеді. Бұған дер кезінде куәлік берілді. |
| 7 |
| Оны жариялау үшін уағыздаушы және елші болуға тағайындалдым. Еш өтірік емес, Мәсіх алдында нағыз шындықты айтып тұрмын: Ол мені халықтарға сенім мен шындық туралы тәлім беруге жіберді. |
| 8 |
| Сонымен ер адамдардың әр жерде адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын. |
| 9 |
| Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, інжу-маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын. |
| 10 |
| Оларды істеген игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылған әйелдерге лайық. |
| 11 |
| Әйелдер тыныштықпен, әр жағдайда (қауым жетекшілерінің басшылығына) мойынсұнып тәлім алсын. |
| 12 |
| Олардың (Құдайдың ілімі жайлы) тәлім беріп, ер адамдарға билік жүргізулеріне жол бермеймін; олар тыныш болсын. |
| 13 |
| Алдымен Адам ата, содан кейін Хауа ана жаратылған |
| 14 |
| және Адам ата емес, әйел әзәзілге алданды. Осылай ол Құдайдың бұйрығын бұзды. |
| 15 |
| Ал егер әйелдер сенім мен сүйіспеншілікті, қасиеттілік пен ұстамдылықты ұстанса, аналық міндетін атқарғанда (күнәнің ықпалынан) аман сақталады. |
|
| Ескертулерді Сақтау |
https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/1timothy/002.mp3
6
2