Егер қиыншылықтарға төзе берсек, Онымен бірге патшалық ететін де боламыз. Ал егер Мәсіхті мойындаудан бас тартсақ, Ол да бізді мойындаудан бас тартпақ.
Осыларды бәрінің есіне түсіріп, сөздер туралы айтыспасын деп Құдай алдында мықтап ескерт. Ондай айтыстардан ешқандай пайда жоқ. Қайта, олар тыңдағандардың сенімдеріне зор нұқсан келтіреді.
Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер мөрленіп жазылған: Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі және Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!
Бір үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар да бар: алдыңғылары қадірмен тұтылса, соңғылар қадір-құрметтен ада. (Сол сияқты, қауымның көптеген мүшелері игі істерімен Құдайды құрметтесе, басқалары жамандықтарымен Оның даңқы мен ісіне нұқсан келтіреді.)
Сол себепті, кім өзін соңғылардан арылтып таза ұстаса, қадірлі ыдыстар іспетті Қожайынына бағышталған, пайдалы және әрбір ізгі істер үшін қолданылуға дайын болады.