Нұн ұлы Ешуа Шиттим атты жерде екі адамға: Барып, сол елді, әсіресе, Иерихон қаласын барлап көріп келіңдер! — деген құпия тапсырма беріп, жұмсап жіберді. Осы екі адам қалаға жетіп, сол жердегі Рахаб есімді бір әйелдің үйіне түнеуге тоқтады. Ол (бұрынғы) жеңіл жүрісті әйел болатын.
Қас қарайып, қақпа жабылайын деп жатқанда олар шығып кетті. Қайда баратындарынан хабарсызбын. Тездетіп арттарына түссеңіздер, әлі де қуып жетерсіздер, — деді.
оларға былай деді: — Жаратқан Иенің сіздерге осы елді бергеніне көзім жетті. Сіздерден төнген зор қорқыныш біздерді билеп алып, елдің күллі тұрғындарының зәрелері ұшып әлсіреуде.
Сіздер Мысырдан шыққанда Жаратқан Иенің Қамысты теңіздің суын алдарыңыздан қалай құрғатқанын, әрі Иорданның арғы жағындағы аморлықтардың екі патшасы Сихон мен Огқа не істегендеріңізді, оларды қалай құртқандарыңызды естігенбіз.
Ал енді, мен сіздерге біраз жақсылық істедім ғой. Сондықтан сіздер де менің отбасыма жақсылық істейміз деп Жаратқан Иенің атымен ант етіңіздер. Соның кепілі ретінде маған бір нәрсе беріңіздерші.
Сіздер (болашақта осы елге кіргенде) менің әке-шешемді, аға-інілерім мен әпке-сіңлілерімді барлық отбасыларымен бірге тірі қалдырып, бәріміздің өмірімізді ажалдан аман алып қаламыз деп уәде етіңіздерші. —
Екі барлаушы оған: — Егер бізге сатқындық жасап ұстап бермесеңіз, онда сіздер үшін өз жанымызды кепілдік етеміз. Жаратқан Ие халқымызға осы елді табыстаған кезде біз де сізге жақсылық жасап, адал болып қаламыз, — деп уәде берді.
Бұдан бұрын әйел оларға мынадай ақыл берген еді: — Қуғыншылар сіздерге тап болмас үшін (батыстағы) таулы аймаққа қарай кетіңіздер. Олар қалаға қайтып келгенше, сол жерде үш күн бойы тығыла тұрыңыздар. Содан кейін жөндеріңізге кете беріңіздер. —
Біз осы елге кіргенде бізді төмен түсіріп жіберген терезеңізге мына қырмызы жіпті бекітіп іліп қойыңыз, әрі үйіңізге әке-шешеңізді, бауырларыңызды және бүкіл отбасыңызды жинап алыңыз.
Егер олардың кейбіреуі үйден шығып кетсе, онда ол төгілген қанына өзі кінәлі болып, біз кінәсіз боламыз. Ал егер үйіңіздің ішіндегі бір адамға біреуіміз күш жұмсап өлтіріп тастасақ, онда оның төгілген қаны біздің мойнымызда болады.
Екі барлаушы таулы аймаққа көтеріліп, сонда үш күн тасаланып жатты. Сол кезде қуғыншылар жолды басынан-аяғына дейін қарап шығып, оларды таба алмастан қалаға қайтты.