Қазақстандық Киелі Кітап 1993
|
| 1 |
| Сол жеңіс күні Дебора және Абиноғам ұлы Барақ былай деп жырлады: |
| 2 |
| Басшылар бастап шықты Исраилді, Халық өз еркімен бағышталып ерді, Мақтаңдар, содан Жаратқан Иемізді! |
| 3 |
| Ей, патшалар, құлақ салыңыздаршы, Ей, билеушілер, тыңдаңыздаршы, Жаратқан Иеге жырымды арнаймын, Исраилдің Құдайына әнімді шырқаймын: |
| 4 |
| Уа, Жаратқан, Сен Сейірден шыққанда, Едом аймағынан алға басқанда, Жер сілкініп, бұлттан жаңбыр құйды сонда, |
| 5 |
| Таулар дірілдеді Иеміздің алдында, Синай тауы да Жаратқанның алдында: Исраилдің Құдайының көз алдында. |
| 6 |
| Анат ұлы Шамғардың заманында Әрі Жаилдың да уақытында Үлкен жолдар қаңырап бос жататын, Жүргіншілер сүрлеумен алға басатын. |
| 7 |
| Бос қалды Исраилдің елді мекендері, Исраилдік ана — мен Дебора, келгенше. |
| 8 |
| Халық жаңа тәңірлер алды таңдап, Содан қақпаларға соғыс келді таяп. Исраилдің қырық мың ері арасынан Байқалды ма бірде-бір найза не қалқан? |
| 9 |
| Жүрегімде Исраилдің әміршілері Һәм халықтың бағышталып ерген ерлері, Бәрің мадақтаңдар Жаратқан Иемізді! |
| 10 |
| Уа, ақ есекке мініп алған байлар, Қымбат кілем үстінде отыратындар, Әрі жаяу жүргендер, соны хабарлаңдар! |
| 11 |
| Суатта ән-жыр айтқандарға құлақ асыңдар, Жаратқанның әділ істерін мадақтаңдар! Исраил өз диқандарының ерлігін мақтар. Жаратқанның халқы қала қақпасына барды: |
| 12 |
| Уа, Дебора, енді ояныңызшы, Оянып, жырлап, ерлерді шақырыңызшы! Уа, Абиноғам ұлы, тұрыңызшы, Уа, Барақ, жауларды тұтқындаңызшы! |
| 13 |
| Қалған ерлер шықты айбатты жауға қарсы, Жаратқанның халқы мықтыларға қарсы: |
| 14 |
| Амалектің жері болған Ефремнен түсті, Буняминдіктер олардың соңынан ілесті, Махырдан аттанды әскербасылар, Забулоннан билік басындағылар. |
| 15 |
| Исашар басшылары еріп Дебораға, Исашар Барақпен атой салды аңғарға. Ал пікір мың құбылды Рубен тармақтарында. |
| 16 |
| Неге жылжымай жаттың қораларда, Шопанның ысқырығын тыңдап отырдың ба? Пікір мың құбылды Рубен тармақтарында. |
| 17 |
| Ғилақад қалды Иорданның ар жағында, Дан неге жалтарды кемелер қасында? Ашир отырды теңіз жағалауында, Әрекет етпеді кемежайларында. |
| 18 |
| Ал Забулон руы аянбады қыраттарда, Бастарын өлімге тікті нафталимдықтар да. |
| 19 |
| Жау патшалары аттанды соғысуға, Қанахан патшалары Тағанахта, Мегидо бұлақтарының бойында Шайқасқанмен олар ешқандай олжа Не күмісті түсіре алмады қолдарына. |
| 20 |
| Аспан әлемінен жұлдыздар сонда Жүрген жолдарынан соғысып, олар да Шабуыл жасады сол Сисараға. |
| 21 |
| Жауларды шайып ағызып Қишон жылғасы Әкетті: ежелден бар бұл Қишон жылғасы. Алға басып, қабылдайық күш-қуатты! |
| 22 |
| Аттардың тұяқтары жерді дүркіретті, Жаудың алғыр айғырлары шауып жүрді. |
| 23 |
| Мероз қаласы жазасын тартсын! — деді Жаратқан Иеміздің періштесі, — Қала тұрғындарына қарғыс тиеді, Жаратқанға олар қолдау көрсетпеді, Мықты жауға қарсы көмектеспеді. |
| 24 |
| Әйелдер ішінен Жаил жарылқансын, Бұл батыл әйелі кендік Хебердің! Ол шатырда тұратын әйелдердің Ең молынан жарылқанғаны болсын! |
| 25 |
| Сисара су сұрап, Жаил сүт берді, Әсем тостағанмен шалап әперді. |
| 26 |
| Жаил оң қолын созды қазыққа, Сол қолын жұмысшының балғасына. Бір ұрып жарды ол жауыздың басын, Тесіп жіберді Сисараның самайын. |
| 27 |
| Жаилдың аяқтарына жау иілді, Аяқтарының арасына жығылды, Жығылған жерінде лезде қырылды. |
| 28 |
| Сисараның шешесі сыртқа қарады, Терезе торынан былай деп зарлады: Неге келмеді оның соғыс күймесі? Кешікті-ау дөңгелектерінің дүбірі! |
| 29 |
| Көреген ханымдары мынадай жауап қатты, Соларын көп қайталап ол жұбаныш тапты: |
| 30 |
| Олжа тауып, бөлісіп жатыр екен, Әр сарбазға тұтқын қыз бір-екіден, Алуан түсті шапандар Сисараға, Кестелі түрлі түсті маталар да, Һәм кестеленген шәлілер менің мойныма, Осылардың барлығы да бізге олжа! |
| 31 |
| Уа, Жаратқан, бар жауың солай талқандалсын, Ал Сені сүйгендер атқан күндей нұрлансын! Содан елде қырық жыл бойы тыныштық орнады. |
|
| Ескертулерді Сақтау |
https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/judges/005.mp3
21
5