Қазақстандық Киелі Кітап 1993
|
| 1 |
| Жасөспірім Самуил Елидің қарамағында Жаратқан Иеге қызмет етіп жүрді. Сол заманда Жаратқан Иенің адамдарға сөзін арнап, аян беруі өте сирек болатын. |
| 2 |
| Елидің көздері мүлдем дерлік көрмей қалған еді. Бірде ол өзінің үйреншікті орнында жатты. |
| 3 |
| Бұл Құдайдың шам қойғышының жеті шамы әлі де жанып тұрған кез еді. Құдайдың Келісім сандығы орналасқан Жаратқан Иенің ғибадатханасында Самуил де тынығып жатты. |
| 4 |
| Сонда Жаратқан Ие Самуилдің атын атап шақырды. Ол: Тыңдап тұрмын, — деді де, |
| 5 |
| Елиге жүгіріп барып: — Тыңдап тұрмын, сіз мені шақырдыңыз ба? — деп сұрады. Ели оған: — Жоқ, сені шақырған жоқпын, орныңа барып, жата ғой, — деп жауап қайырды. Самуил солай істеді. |
| 6 |
| Жаратқан Ие қайтадан: Самуил! — деп шақырғанда, бала тағы да орнынан тұрып, Елиге барып: — Тыңдап тұрмын, сіз мені шақырдыңыз ба? — деп сұрады. Бірақ ол: — Жоқ, шақырған жоқпын, балам, орныңа барып, жата бер, — деді. |
| 7 |
| Бұған дейін Жаратқан Ие өзіне аян беріп, сөзін арнамағандықтан, Самуил Оның даусын танымайтын еді. |
| 8 |
| Жаратқан Ие Самуилді үшінші рет шақырды. Бала тағы да орнынан тұрып, Елиге келіп: — Тыңдап тұрмын, сіз мені шақырдыңыз ба? — деп сұрады. Сол кезде Ели баланы шақырып жатқан Жаратқан Иенің Өзі екенін түсініп, |
| 9 |
| оған: — Бар да жат. Егер сені қайтадан шақырса, онда: Уа, Ием, айта гөр, пендең тыңдап тұр деп жауап бер, — деді. Самуил төсегіне барып жатты. |
| 10 |
| Бұдан кейін Жаратқан Ие тағы да оның қасына келіп, бұрынғыша: — Самуил, Самуил! — деп шақырды. Бала: — Айта гөр, пендең тыңдап тұр, — деп жауап берді. |
| 11 |
| Сонда Құдай Самуилге мынаны айтты: — Мен Исраилде естіген адамды қатты абыржытатын бір нәрсе істемекпін! |
| 12 |
| Сол күні Мен Елидің отбасы туралы айтқан сөздерімді басынан аяғына дейін жүзеге асырамын. |
| 13 |
| Ұлдарының зұлымдығы үшін оларды біржолата жазалайтынымды Елиге хабарлағанмын. Ол ұлдарының Құдайды қорлағандарын біліп жүрсе де, оларды жүгендеп, тоқтатқан емес. |
| 14 |
| Сол себепті Мен: Елидің отбасы өз кінәсінің зардабынан ешқашан не құрбандық, не басқа да сый-тарту арқылы арыла алмайды деп ант еттім. |
| 15 |
| Бұдан соң Самуил қайтадан орнына барып жатты. Ертеңгісін ол әдеттегідей Жаратқан Иенің киелі үйінің есіктерін ашты. Ал Құдайдың аян еткен сөздерін Елиге айтып беруге дәті бармады. |
| 16 |
| Бірақ Ели оны: — Самуил, балам, — деп, қасына шақырып алды. — Құлағым сізде, ата, — деп жауап берді ол. |
| 17 |
| Ели: — Құдай саған не деді? Оны менен жасырма. Егер де Құдайдың өзіңе білдіргендерін түгелдей айтпай, бір нәрсесін жасырып қалсаң, Ол сені жазалаған үстіне жазалай бермек, — деді. |
| 18 |
| Сонда Самуил ештеңені бүкпестен бәрін айтып берді. Ели: — Ол Жаратқан Ие ғой, Оның әділ еркі орындалсын, — деді. |
| 19 |
| Ал Самуил есейіп, өсе берді. Жаратқан Иенің Өзі жар болып, оған алдын ала хабарлап айтқан сөздерінің бәрі де жүзеге асып отырды. |
| 20 |
| Содан солтүстіктегі Дан мен оңтүстіктегі Бер-Шебаның аралығында тұрып жатқан бүкіл Исраил халқы Самуилдің Жаратқан Иенің пайғамбары болуға тағайындалғандығына көз жеткізді. |
| 21 |
| Жаратқан Ие Самуилге сөзін арнап, Өзінің кім екенін ашқан Шилода оған аян беруін жалғастыра берді. |
|
| Ескертулерді Сақтау |
https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/1samuel/003.mp3
31
3