× Тіл Еуропа Ресей Белорус Украин Поляк Сербше болгар Словакия Чех Румын Молдова Әзірбайжан Армян Грузин Албан Авар Башқұрт Татар Шешен Словенский Хорват Эстония Латыш Литван Венгр Фин Норвег Швед Исландтық Грекше Македон Неміс Бавариялық Нидерланд Даниялық Уэлш Гаэль Ирланд Француз Баск Каталон Итальянша Галакия Роман Bosnian Kabardian Солтүстік Америка Ағылшын Оңтүстік Америка Испан Португал Гуарани Кечуан Аймара Орталық Америка Ямайкан Науатль Kiche Qcaqqchi Гаити Шығыс Азия Қытай Жапон Корей Моңғол Ұйғыр Хмонг Tibetian Оңтүстік-Шығыс Азия Малайзия Бирма Хаха Чин Непал Кебуано Тагалог Камбоджандық Тай Индонезиялық Сундан Вьетнамша Ява Лао Ибан Иу Миен Качин Лаху Aceh Balinese Bugis Pampanga Sasak Shan Waray Madurese Оңтүстік Азия Хинди Одиа Авадхи Мизо Каннада Малаялам Маратхи Гужарати Тамил Телугу Панжаби Курух Ассам Maithili Бенгали Урду Сингала Догри Харьянви Meitei Конкани Сантали Синдхи Коя Тадо Санскрит Деванагари Adilabad Gondi Ahirani Балочи Bundeli Chhattisgarhi Garhwali Kangri Kumaoni Mewari Munda Sadri Seraiki Shekhawati Sylheti Bagri Bhilali Bodo Braj Tulu Орталық Азия Қырғыз Өзбек Тәжік Түркімен Қазақстан Қарақалпақ Таяу Шығыс Түрікше Иврит Араб Парсы Күрд Mazanderani Пушту Копт Африка Африкаанс Хоса Зулу Ндебеле Сото Амхарский Wolaytta Нигерия Мосси Ика Динка Кабиле Эве Суахили Марокко Сомали Шона Мадагаскар Igbo Лингала Бауле Сисвати Цонга Цвана Гамбия Йоруба Камба Кинярванда Хауса Чева Луо Макуа Дюла Фулфульде Каленжин Кикюю Кикванго Кирунди Крио Нигериялық пиджин Оромо Тшивенда Тшивенда Twi Умбунду Лугбара Лугуру Пуляр Гусси Маасай Түркана Моба Нуэр Шиллюк Тамашек Маконде Bemba Fon Hadiyya Ibibio Kimbundu Kimiiru Lango Liberian Kreyol Lomwe Mende Morisyen Ndau Nyankole Sena Sidamo Soga Songe Sukuma Tarifit Teso Tiv Zande Dagbani Edo Kituba Австралия континенті Жаңа Зеландия Папуа Жаңа Гвинея Ескі тілдер Арамей Латын Эсперанто 1 1 1 Киелі Кітап 2010 Zhana Osiet 2023Киелі Кітап 20101 1 1 2 Самуел ЖаратылысКөшіп ШығуЛеуіліктерСанауҚайталауЕшуаБилерРут1 Самуел2 Самуел1 Патшалықтар2 Патшалықтар1 Шежірелер2 ШежірелерЕзраНехемияЕстерӘйүпЗабурНақыл СөздерУағыздаушыТаңдаулы ӘндерИшаяЕремияЖоқтауЕзекиелДаниялОшияДжоэлАмосАбадияЖүнісМихаНағұмХабакұқСофонияНағайЗәкәрияМалахи--- --- ---МатайБелгіЛұқаДжонАктілерРимдіктер1 Қорынттықтарға2 ҚорынттықтарғаҒалаттықтарЕфесФіліпіліктерҚолостықтар1 Салониқалықтарға2 Салониқалықтарға1 Тімоте2 ТімотеТитусФилемонЕврейлергеДжеймс1 Петір2 Петір1 Жохан2 Жохан3 ЖоханЯһудаАян1 1 1 18 1234567891011121314151617181920212223241 1 1 : 1 1234567891011121314151617181920212223242526272829303132331 1 1 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 2 Самуел 18 Ескертулерді сақтау 1Дәуіт өзінің топтарын жинап түгендеп, олардың үстінен мыңбасылар мен жүзбасыларды тағайындады.2Содан соң Дәуіт жасағын үш топқа бөлді. Бірінші топқа — Сарұя ұлы Жоғабты, екінші топқа — оның інісі Әбішайды, үшінші топқа — ғаттық Іттайды қолбасшы етіп тағайындады. Патша жасақшыларына: — Мен де сөзсіз сендермен бірге аттанамын! — деді.3Бірақ олар: — Тақсыр, бармай-ақ қойыңыз. Біз қашсақ та, олар бізге онша көңіл аудармас. Жартымыз қырылып қалсақ та, оларға бұл бәрібір. Ал сіздің өміріңіз біз сияқты он мың адамның өміріне тұрады. Сондықтан сіздің қала ішінде қалып, сол жақтан бізге көмектескеніңіз дұрыс болар, — деп жауап берді.4Дәуіт: — Мейлі, сендер нені дұрыс деп білсеңдер, соны істейін, — деп келісті. Мыңбасылары мен жүзбасылары оның жасағын өз ретімен қаладан шығарып алып бара жатқанда, Дәуіт қақпаның маңында тұрды.5Патша Жоғаб, Әбішай және Іттайға: Жас жігіт Абессаломға мен үшін мейірімді бола көріңдер! — деп бұйырған болатын. Патшаның қолбасшылардың әрқайсысына Абессалом туралы осындай әмір бергенін бүкіл жасақ естіп тұрды.6Сонымен қалың қол (Абессалом басқарған) Исраилдің әскерімен шайқасу үшін соғыс майданына шықты. Шайқас Ефрем орманында өтті.7Дәуіттің жасақшылары сол жерде Исраилдің әскерін жеңіп шықты. Сол күні шығын болған адамдардың саны өте көп — жиырма мың болды.8Шайқас бүкіл аймаққа тарап, ну орманда қырылып қалғандар семсерден қаза тапқандардан да көп болды.9Абессалом Дәуіттің жасақшыларына күтпеген жерден кездесті. Ол өзінің қашырына мініп қашып бара жатқанда, қашыры үлкен еменнің бұтақтарының астынан шауып өте берді. Сол кезде Абессаломның шашы емен ағашының қалың бұтақтарына шырмалып, ілініп қалып, өзі әуеде салбырап қалып қойды. Ал қашыры ілгері қарай шауып кетіп қалды.10Біреу мұны көріп, Жоғабқа келіп: — Еменде ілініп тұрған Абессаломды көрдім! — деп мәлімдеді.11Жоғаб осыны айтқанға: — Немене? Сен оны көрдің бе? Ендеше неге оны дәл сол жерде шауып, жерге түсірмедің? Соны істеген болсаң, мен саған он мысқал күміс және батырдың белдігін берер едім ғой, — деді.12Сол адам Жоғабқа: — Тіпті қолыма мың мысқал күміс берсеңіз де, мен патшаның ұлына қарсы қол көтермес едім. Жас жігіт Абессаломға мен үшін мейірімді бола көріңдер! деп патшаның сізге, Әбішай мен Іттайға айтқанын бәріміз де өз құлағымызбен естігенбіз.13Егер мен оның өміріне қастандық жасаған болсам, бұл бәрібір патшадан жасырын қалмас еді, ал сіз менен алшақ кетер едіңіз, — деп жауап қайтарды.14Жоғаб оған: — Сенімен айтысып уақытымды босқа өткізбей-ақ қояйын! — деді де, қолына үш найза алып, оларды еменде ілініп тұрған әлі де тірі Абессаломның жүрегіне қадай салды.15Жоғабтың қару-жарағын тасушы он жас жігіт жақындап келіп, Абессаломды қоршап алып, шауып өлтірді.16Содан соң Жоғаб кернейін тартып белгі берді. Сонда Дәуіттің жасақшылары Исраилдің адамдарын қууын доғарды.17Олар Абессаломды ағаштан түсіріп алып, ормандағы бір терең шұңқырға лақтырып, үстін таспен үйіп тастады. Осы аралықта күллі исраилдік жауынгерлер қашып, үйлеріне тарап кетті.18Өзінің тірі кезінде Абессалом: Менің атымды жалғастыратын ұлым да жоқ! — деп, өзінің құрметіне тас бағана жасатып, Патшалар аңғарында тұрғызып қойған болатын. Ол осы бағанаға өзінің атын беріп, сол әлі күнге дейін Абессаломның ескерткіші деп аталып келеді.19Шайқастан кейін Садық ұлы Ахимағас Жоғабқа: — Мен енді жүгіріп барып, патшаға: Жаратқан Ие сізді жауларыңыздың қатерінен азат етті! деген қуанышты хабарды жеткізейін! — деп рұқсат сұрады.20Алайда Жоғаб оған: — Жоқ, бүгін осы хабарды сен жеткізбей-ақ қой! Басқа бір күні хабар жеткізуіңе болады. Бірақ бүгін солай істеме, өйткені патшаның ұлы мерт болды, — деді.21Содан соң Жоғаб бір құштыққа: — Патшаға барып, көргендеріңді мәлімдеп бер! — деп бұйырды.22Сөйтсе де Садық ұлы Ахимағас тағы да Жоғабтан: — Не болса, о болсын! Өтінемін, құштықтың соңынан жүгіруге маған рұқсат беріңізші! — деп сұрап қоймады. Жоғаб: — Балам-ау, неліктен барғың келіп тұр? Апаратын хабарың сүйінші алатын хабар емес қой! — деді.23Бірақ ол: — Не болса, о болсын! Жүгіргім келіп тұр, — деп қоймады. Сонда Жоғаб: — Мейлі, жүгіре бер! — деп келісе салды. Ахимағас Иордан алқабының бойындағы жолмен жүріп отырып, құштықты басып озды.24Дәуіт осы кезде қала қамалының сыртқы және ішкі қақпаларының арасында отырған еді. Бір шолғыншы қақпаның төбесіне шығып, сыртқа қарағанда, жүгіріп келе жатқан бір адамды көрді.25Шолғыншы бұл туралы патшаға дауыстап мәлімдеді. Патша: — Егер сол адам жалғыз өзі келе жатса, онда ол жақсы хабар әкеле жатыр, — деді. Адам жүгіріп жақындай түсті.26Содан соң шолғыншы жүгіріп келе жатқан басқа бір адамды көріп, қақпашыға: — Әй, тағы біреуі жалғыз жүгіріп келе жатыр! — деп айқайлады. Патша: — Ол да жақсы хабар әкеле жатқан болса керек, — деп болжады.27Шолғыншы: — Біріншісінің жүгіргені құдды Садық ұлы Ахимағастың жүгірісіне ұқсайды екен, — деді. Патша: — Ол жақсы адам, жақсы хабармен келе жатыр! — деді.28Ахимағас патшаға таяп қалғанда: — Бәрі де жақсы! Аманшылық! — деп айқайлап жіберді. Ол патшаның алдында басын жерге тигізе жығылды да: — Патша иеме қарсы шыққан адамдарды қолға түсірген Құдайыңыз — Жаратқан Ие мадақталсын! — деді.29Патша одан: — Жас жігіт Абессалом аман-есен бе? — деп сұрады. Ахимағас: — Жоғаб алдыңыздағы қызметшіңізді жіберген кезде үлкен бір шатақтың болып жатқанын көріп едім. Бірақ оның немен біткенін білмедім, — деп жауап қатты.30Патша оған: — Былайырақ тұрып, күте тұр! — деді. Ахимағас бұрылды да, тыныш тұра қалды.31Содан соң құштық келе қалды. Ол патшаға былай деді: — Уа, патша ием! Жақсы хабарға құлақ салыңыз! Бүгін Жаратқан Ие сізді өзіңізге қарсы шыққандардың барлығынан арылтты.32Патша құштыққа да: — Жас жігіт Абессалом аман-есен бе? — деген сауал қойды. Құштық былай деп жауап берді: — Патша иемнің жауларының, сізге жамандық ойлап қарсы шыққандардың бәрінің халдері сол жас жігіттің халіндей болсын!33Патша қатты қобалжып, қақпаның үстіндегі бөлмеге барып, көз жасын төкті. Кетіп бара жатып: Беу, сорлы ұлым Абессалом-ай! Сорлы ұлым-ай! Ұлым Абессалом-ай! Неге ғана сенің орныңда мен өлмедім екен! Абессалом, ұлым-ай, беу, беу, ұлым-ай! — деп жоқтаумен болды.Kazakhstan Bible 2010 © Yeni Yaşam Yayınları (New Life Publications), Istanbul, 1993, 1996, 2000, 2010 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 2 Самуел 18 00:00:00 00:00:00 0.5x 2.0x https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/2samuel/018.mp3 24 18