× Тіл Еуропа Ресей Белорус Украин Поляк Сербше болгар Словакия Чех Румын Молдова Әзірбайжан Армян Грузин Албан Авар Башқұрт Татар Шешен Словенский Хорват Эстония Латыш Литван Венгр Фин Норвег Швед Исландтық Грекше Македон Неміс Бавариялық Нидерланд Даниялық Уэлш Гаэль Ирланд Француз Баск Каталон Итальянша Галакия Роман Bosnian Солтүстік Америка Ағылшын Оңтүстік Америка Испан Португал Гуарани Кечуан Аймара Орталық Америка Ямайкан Науатль Kiche Qcaqqchi Гаити Шығыс Азия Қытай Жапон Корей Моңғол Ұйғыр Хмонг Оңтүстік-Шығыс Азия Малайзия Бирма Хаха Чин Непал Кебуано Тагалог Камбоджандық Тай Индонезиялық Вьетнамша Ява Лао Ибан Иу Миен Качин Лаху Aceh Balinese Bugis Pampanga Sasak Shan Waray Оңтүстік Азия Хинди Одиа Авадхи Мизо Каннада Малаялам Маратхи Гужарати Тамил Телугу Панжаби Курух Ассам Maithili Бенгали Урду Сингала Догри Харьянви Meitei Конкани Сантали Синдхи Коя Тадо Санскрит Деванагари Adilabad Gondi Ahirani Балочи Bundeli Chhattisgarhi Garhwali Kangri Kumaoni Mewari Munda Sadri Seraiki Shekhawati Sylheti Орталық Азия Қырғыз Өзбек Тәжік Түркімен Қазақстан Қарақалпақ Таяу Шығыс Түрікше Иврит Араб Парсы Күрд Пушту Копт Африка Африкаанс Хоса Зулу Ндебеле Сото Амхарский Wolaytta Нигерия Мосси Ика Динка Кабиле Эве Суахили Марокко Сомали Шона Мадагаскар Igbo Лингала Бауле Сисвати Цонга Цвана Гамбия Йоруба Камба Кинярванда Хауса Чева Луо Макуа Дюла Фулфульде Каленжин Кикюю Кикванго Кирунди Крио Нигериялық пиджин Оромо Тшивенда Тшивенда Twi Умбунду Лугбара Лугуру Пуляр Гусси Маасай Түркана Моба Нуэр Шиллюк Тамашек Маконде Bemba Fon Hadiyya Ibibio Kimbundu Kimiiru Lango Liberian Kreyol Lomwe Mende Morisyen Ndau Nyankole Sena Sidamo Soga Songe Sukuma Tarifit Teso Tiv Zande Австралия континенті Жаңа Зеландия Папуа Жаңа Гвинея Ескі тілдер Арамей Латын Эсперанто 1 1 1 Киелі Кітап 2010 Zhana Osiet 2023Киелі Кітап 20101 1 1 Ошия ЖаратылысКөшіп ШығуЛеуіліктерСанауҚайталауЕшуаБилерРут1 Самуел2 Самуел1 Патшалықтар2 Патшалықтар1 Шежірелер2 ШежірелерЕзраНехемияЕстерӘйүпЗабурНақыл СөздерУағыздаушыТаңдаулы ӘндерИшаяЕремияЖоқтауЕзекиелДаниялОшияДжоэлАмосАбадияЖүнісМихаНағұмХабакұқСофонияНағайЗәкәрияМалахи--- --- ---МатайБелгіЛұқаДжонАктілерРимдіктер1 Қорынттықтарға2 ҚорынттықтарғаҒалаттықтарЕфесФіліпіліктерҚолостықтар1 Салониқалықтарға2 Салониқалықтарға1 Тімоте2 ТімотеТитусФилемонЕврейлергеДжеймс1 Петір2 Петір1 Жохан2 Жохан3 ЖоханЯһудаАян1 1 1 2 12345678910111213141 1 1 : 1 12345678910111213141516171819202122231 1 1 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 Ошия 2 Ескертулерді сақтау 1Сол кезде аға-інілеріңді Өз-халқым, апа-қарындастарыңды Рақым-көрген деп атайсыңдар.2Шешелеріңнің кінәсін әшкерелеп, оған ескертіңдер! Себебі ол енді Менің әйелім емес, Мен де оның күйеуі емеспін. Ол жеңіл жүрістінің бояуын бетінен сүртіп тастап, кеуделерін ашық көрсететін киімдерін шешіп, әдепті киінсін.3Әйтпесе Мен оны анадан жаңа туғандай етіп шешіндіремін де, иен даладай, қураған жердей қылып, шөлден қаталатып өлтіремін.4Оның жеңіл жүрістен туған балаларына да рақым көрсетпеймін.5Өйткені оларды туған шешелері неке адалдығын бұзып өте ұят қылық жасады. Ол: Наным мен суымды, жүнім мен зығырымды, зәйтүн майым мен сусынымды беретін — өзімнің ашыналарым. Солардың соңынан жүрейінші! дейтін еді.6Сондықтан Мен оның жүретін соқпақтарын тікенді бұталармен жауып бөгеймін. Жүретін жол таба алмасын деп оған қарсы дуал да тұрғызамын.7Ол ашыналарының соңына түсіп қуса да, жете алмайды, оларды іздесе де, таба алмайды. Сонда ол: Мен бұрынғы Күйеуіме қайта оралайын. Сол кезде маған қазіргіден жақсы болған еді ғой! деп ұйғарады.8Ал оған бидай, жүзім шырыны мен зәйтүн майын беріп, мол саф алтын мен күмісті жаудырған Мен екенімді мойындамады. Қайта, өзі соларды жалған тәңір Бағалға сый-тарту етті.9Сол себепті Мен мерзімінде пісетін өнімім мен мезгілінде дайын болатын жүзім шырынымды, әрі оның жалаңаш тәнін жабатын жүнім мен зығырымды сол опасыздан алып қоямын.10Сонда оны ашыналарының дәл көз алдында жалаңаштап абыройын төгемін, Менің қолымнан оны ешкім құтқарып ала алмайды.11Осылайша халықтың сауық-сайрандарын, жылдық мейрамдарын, айдың бірінші күнгі мейрамдарын және демалыс күндерін, яғни оның жиналып бас қосатын барлық мерекелерін доғарамын.12Халықтың: Мынау менің ашыналарым берген сыйлықтар дейтін жүзім бұталары мен інжір ағаштарын құртып, қалың тоғайға айналдырамын. Сонда жабайы аңдар олардың жемістерін жеп қояды.13Оның Бағалдың мүсіндеріне арнап хош иісті зат түтеткен, сырғалары мен алқаларын тағып жасанып, ашыналарына ерген, ал Өзімді ұмытқан күндеріне бола енді осы халыққа назар аударып, оны жазалаймын. — Жаратқан Ие осыны нық айтады.14Ал енді Мен оны еліктіріп, айдалаға алып шығып, жүрегіне жылы сөз айтамын.15Мен оған жүзімдіктерін қайтарып беремін. Ахор (яғни Пәле) аңғары ол үшін Үмітке апаратын қақпа іспетті болады. Сол жерде ол жастық шағындағыдай, Мысырдан шыққан кезіндегідей, ән-жыр шырқайтын болады.16Жаратқан Ие тағы былай дейді: Сол күні сен Мені Бағалым менің деп емес, Күйеуім менің деп атайтын боласың.17Мен Бағал есімді жалған тәңірлердің аттарын халықтың аузынан алып тастап, олар соларды енді қайтып естеріне алмайтын болады.18Сол күні Мен даладағы жабайы аңдармен, әуедегі құстармен және жерде жорғалайтын хайуандармен халқыма нұқсан келтірмеулері жайлы келісім жасаймын. Мен соғыс, садақ, семсер атаулыны елден аластатып, жоқ қыламын. Сонда халқым ұйқыға алаңсыз жататын болады.19(Уа, халқым,) Мен сені Өзіме мәңгілікке атастырамын. Мен әділдік пен әділет, берік сүйіспеншілік пен рақымдылық танытып, сені Өзіме айттырамын.20Иә, сені Өзіме сенімділікпен әйелім етемін. Сонда сен Мені, Жаратқан Иені, мойындайтын боласың.21Сол күні Мен мінажаттарыңа жауап беремін, — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Мен аспанға жауап беремін (де, бұлттар жіберемін), әрі аспан жерге жауап береді (де, жаңбыр жаудырады).22Жер бидай, жүзім бұтасы және зәйтүн ағаштарына жауап береді де, шөлдерін қандырады, ал олар Ізрел! (Құдай сеуіп отырғызады) деп жауап береді.23Сол кезде Мен халықты Өзім үшін елге сеуіп отырғызып, Рақым-көрмегенге рақым көрсетіп, Халқым-еместі енді Өз-халқым деп атаймын. Ал халық Маған: Менің Құдайымсың! дейтін болады!Kazakhstan Bible 2010 © Yeni Yaşam Yayınları (New Life Publications), Istanbul, 1993, 1996, 2000, 2010 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 Ошия 2 00:00:00 00:00:00 0.5x 2.0x https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/hosea/002.mp3 14 2