× Тіл Еуропа Ресей Белорус Украин Поляк Сербше болгар Словакия Чех Румын Молдова Әзірбайжан Армян Грузин Албан Авар Башқұрт Татар Шешен Словенский Хорват Эстония Латыш Литван Венгр Фин Норвег Швед Исландтық Грекше Македон Неміс Бавариялық Нидерланд Даниялық Уэлш Гаэль Ирланд Француз Баск Каталон Итальянша Галакия Роман Bosnian Солтүстік Америка Ағылшын Оңтүстік Америка Испан Португал Гуарани Кечуан Аймара Орталық Америка Ямайкан Науатль Kiche Qcaqqchi Гаити Шығыс Азия Қытай Жапон Корей Моңғол Ұйғыр Хмонг Оңтүстік-Шығыс Азия Малайзия Бирма Хаха Чин Непал Кебуано Тагалог Камбоджандық Тай Индонезиялық Вьетнамша Ява Лао Ибан Иу Миен Качин Лаху Aceh Balinese Bugis Pampanga Sasak Shan Waray Оңтүстік Азия Хинди Одиа Авадхи Мизо Каннада Малаялам Маратхи Гужарати Тамил Телугу Панжаби Курух Ассам Maithili Бенгали Урду Сингала Догри Харьянви Meitei Конкани Сантали Синдхи Коя Тадо Санскрит Деванагари Adilabad Gondi Ahirani Балочи Bundeli Chhattisgarhi Garhwali Kangri Kumaoni Mewari Munda Sadri Seraiki Shekhawati Sylheti Орталық Азия Қырғыз Өзбек Тәжік Түркімен Қазақстан Қарақалпақ Таяу Шығыс Түрікше Иврит Араб Парсы Күрд Пушту Копт Африка Африкаанс Хоса Зулу Ндебеле Сото Амхарский Wolaytta Нигерия Мосси Ика Динка Кабиле Эве Суахили Марокко Сомали Шона Мадагаскар Igbo Лингала Бауле Сисвати Цонга Цвана Гамбия Йоруба Камба Кинярванда Хауса Чева Луо Макуа Дюла Фулфульде Каленжин Кикюю Кикванго Кирунди Крио Нигериялық пиджин Оромо Тшивенда Тшивенда Twi Умбунду Лугбара Лугуру Пуляр Гусси Маасай Түркана Моба Нуэр Шиллюк Тамашек Маконде Bemba Fon Hadiyya Ibibio Kimbundu Kimiiru Lango Liberian Kreyol Lomwe Mende Morisyen Ndau Nyankole Sena Sidamo Soga Songe Sukuma Tarifit Teso Tiv Zande Dagbani Австралия континенті Жаңа Зеландия Папуа Жаңа Гвинея Ескі тілдер Арамей Латын Эсперанто 1 1 1 Киелі Кітап 2010 Zhana Osiet 2023Киелі Кітап 20101 1 1 Ефес ЖаратылысКөшіп ШығуЛеуіліктерСанауҚайталауЕшуаБилерРут1 Самуел2 Самуел1 Патшалықтар2 Патшалықтар1 Шежірелер2 ШежірелерЕзраНехемияЕстерӘйүпЗабурНақыл СөздерУағыздаушыТаңдаулы ӘндерИшаяЕремияЖоқтауЕзекиелДаниялОшияДжоэлАмосАбадияЖүнісМихаНағұмХабакұқСофонияНағайЗәкәрияМалахи--- --- ---МатайБелгіЛұқаДжонАктілерРимдіктер1 Қорынттықтарға2 ҚорынттықтарғаҒалаттықтарЕфесФіліпіліктерҚолостықтар1 Салониқалықтарға2 Салониқалықтарға1 Тімоте2 ТімотеТитусФилемонЕврейлергеДжеймс1 Петір2 Петір1 Жохан2 Жохан3 ЖоханЯһудаАян1 1 1 1 1234561 1 1 : 1 12345678910111213141516171819202122231 1 1 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 Ефес 1 Ескертулерді сақтау 1Құдайдың еркімен Иса Мәсіхтің елшісі болған Пауылдан Оның (Ефестегі) халқына, яғни Мәсіх Исаға адал сенетіндерге, дұғай сәлем.2Сендерге Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай берсін!3Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізді Мәсіх арқылы жарылқап, көктегі әр қилы рухани игіліктерді сыйлады.4Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді.5Ол бізді Иса Мәсіхтің арқасында рухани балалары етуге алдын ала белгілеп қойды; Оның ізгі еркі осы болған.6Өзінің сүйікті рухани Ұлы арқылы бізге сыйлаған керемет рақымы үшін Құдай мадақтала берсін!7Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын8терең даналығымен және түсінігімен бізге молынан жаудырды.9Енді Ол бізге Өзінің құпия жоспарын — Мәсіхке байланысты алға қойған ізгі ниетін ашып берді.10Тәңір Ие мұны белгілі уақыты жеткенде іске асырып, бүкіл әлемді: көк пен жердегінің барлығын да біріктіріп, Бастығы ретінде Мәсіхтің билігіне тапсыратын болады.11Құдай ниет еткендерінің бәрін өз еркіне сай орындайды. Ол бізді Мәсіхпен байланысты өз халқы болуға алдын ала таңдап алған еді. Бұл Құдайдың әуел бастағы мақсатына сәйкес болды.12Мұнымен Ол Мәсіхке басқалардан бұрын үміт артқан біздің (яғни яһудилердің) Өзінің ұлылығын мадақтауымызды көздеді.13Басқа ұлттық сендер де шындық туралы сөзді: өздеріңді құтқарған Ізгі хабарды естіп, Мәсіхке сенім артқанда Онымен тығыз байланысқа түстіңдер. Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі.14Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі әрі кепілі де. Құдай Өзінің меншікті халқын жамандықтың әсерінен түгелдей құтқарғанда сол игіліктердің бәрін иемденетін боламыз. Осылай Тәңір Иенің керемет ұлылығы мадақталмақ.15Сол себепті мен сендердің Иеміз Исаға берік сеніп, Оның бүкіл халқын қатты сүйгендіктерің туралы естігендіктен,16мінажат еткен сайын сендер үшін ұдайы шүкірлік етемін.17Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы — салтанатты ұлылыққа ие Әке сендерге Өзін жақынырақ танып білулерің үшін Өзінің Киелі Рухы арқылы даналық пен терең түсінік берсе екен деп Одан тілеймін.18Ол көкірек көздеріңді оятып, рухани нұрға кенелтіп, өздеріңді қандай үмітке шақырғанын, яғни өз халқына қандай керемет игіліктер сыйлайтынын, білсеңдер екен деп сиынамын.19Сендер Құдайдың шексіз құдіретінің Иемізге сенуші біздерге қаншалықты күшті әсер ететінін ұқсаңдар екен деп те Одан сұраймын. Құдай осы керемет құдіретін20Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, көкке көтеріп, Өзінің оң жағындағы орынға отырғызғанда да қолданды.21Осылай Мәсіх күллі билік пен өктемдіктен, күш-қуат пен әкімшіліктен, осы және келешек замандардағы бүкіл атақ пен дәрежелерден де әлдеқайда үстем.22Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті.23Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.Kazakhstan Bible 2010 © Yeni Yaşam Yayınları (New Life Publications), Istanbul, 1993, 1996, 2000, 2010 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 Ефес 1 00:00:00 00:00:00 0.5x 2.0x https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/ephesians/001.mp3 6 1