× Тіл Еуропа Ресей Белорус Украин Поляк Сербше болгар Словакия Чех Румын Молдова Әзірбайжан Армян Грузин Албан Авар Башқұрт Татар Шешен Словенский Хорват Эстония Латыш Литван Венгр Фин Норвег Швед Исландтық Грекше Македон Неміс Бавариялық Нидерланд Даниялық Уэлш Гаэль Ирланд Француз Баск Каталон Итальянша Галакия Роман Bosnian Солтүстік Америка Ағылшын Оңтүстік Америка Испан Португал Гуарани Кечуан Аймара Орталық Америка Ямайкан Науатль Kiche Qcaqqchi Гаити Шығыс Азия Қытай Жапон Корей Моңғол Ұйғыр Хмонг Оңтүстік-Шығыс Азия Малайзия Бирма Хаха Чин Непал Кебуано Тагалог Камбоджандық Тай Индонезиялық Вьетнамша Ява Лао Ибан Иу Миен Качин Лаху Aceh Balinese Bugis Pampanga Sasak Shan Waray Оңтүстік Азия Хинди Одиа Авадхи Мизо Каннада Малаялам Маратхи Гужарати Тамил Телугу Панжаби Курух Ассам Maithili Бенгали Урду Сингала Догри Харьянви Meitei Конкани Сантали Синдхи Коя Тадо Санскрит Деванагари Adilabad Gondi Ahirani Балочи Bundeli Chhattisgarhi Garhwali Kangri Kumaoni Mewari Munda Sadri Seraiki Shekhawati Sylheti Орталық Азия Қырғыз Өзбек Тәжік Түркімен Қазақстан Қарақалпақ Таяу Шығыс Түрікше Иврит Араб Парсы Күрд Пушту Копт Африка Африкаанс Хоса Зулу Ндебеле Сото Амхарский Wolaytta Нигерия Мосси Ика Динка Кабиле Эве Суахили Марокко Сомали Шона Мадагаскар Igbo Лингала Бауле Сисвати Цонга Цвана Гамбия Йоруба Камба Кинярванда Хауса Чева Луо Макуа Дюла Фулфульде Каленжин Кикюю Кикванго Кирунди Крио Нигериялық пиджин Оромо Тшивенда Тшивенда Twi Умбунду Лугбара Лугуру Пуляр Гусси Маасай Түркана Моба Нуэр Шиллюк Тамашек Маконде Bemba Fon Hadiyya Ibibio Kimbundu Kimiiru Lango Liberian Kreyol Lomwe Mende Morisyen Ndau Nyankole Sena Sidamo Soga Songe Sukuma Tarifit Teso Tiv Zande Австралия континенті Жаңа Зеландия Папуа Жаңа Гвинея Ескі тілдер Арамей Латын Эсперанто 1 1 1 Киелі Кітап 2010 Zhana Osiet 2023Киелі Кітап 20101 1 1 Ефес ЖаратылысКөшіп ШығуЛеуіліктерСанауҚайталауЕшуаБилерРут1 Самуел2 Самуел1 Патшалықтар2 Патшалықтар1 Шежірелер2 ШежірелерЕзраНехемияЕстерӘйүпЗабурНақыл СөздерУағыздаушыТаңдаулы ӘндерИшаяЕремияЖоқтауЕзекиелДаниялОшияДжоэлАмосАбадияЖүнісМихаНағұмХабакұқСофонияНағайЗәкәрияМалахи--- --- ---МатайБелгіЛұқаДжонАктілерРимдіктер1 Қорынттықтарға2 ҚорынттықтарғаҒалаттықтарЕфесФіліпіліктерҚолостықтар1 Салониқалықтарға2 Салониқалықтарға1 Тімоте2 ТімотеТитусФилемонЕврейлергеДжеймс1 Петір2 Петір1 Жохан2 Жохан3 ЖоханЯһудаАян1 1 1 4 1234561 1 1 : 1 12345678910111213141516171819202122232425262728293031321 1 1 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 Ефес 4 Ескертулерді сақтау 1Сонымен Иемізге қызмет еткеніме бола түрмеде жатқан мен сендерге Құдайдың өздеріңді шақыруына лайық өмір сүріңдер деп ескертемін.2Барлық жағдайларда кішіпейіл, ілтипатты, бір-біріңе төзімді болып, сүйіспеншілік көрсетіңдер.3Құдай Рухымен иемденген бірліктеріңді өзара байланыстырған татулық арқылы сақтауға ұмтылыңдар!4Бәріміз біртұтас рухани денеміз, Құдайдың Рухы да Біреу, сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда бірдей үміт берді.5Иеміз бір, бір сенімдеміз, шомылдыру рәсіміміз де бірдей.6Барлығымыздың бір Құдай Әкеміз бар, Ол бәрімізден үстем және бәріміз арқылы әрекет етіп, бәріміздің жүрегімізден орын алды.7Ал әрқайсымызға Мәсіхтің рақым етіп үлестіріп берген ерекше рухани дарындарымыз бар.8Сондықтан (Забурда) мына тәрізді сөздер жазылған: Ол заңғар биікке көтерілді, көптеген тұтқындарды ертіп жүрді, әрі адамдарға тартулар сыйлады.9Ол заңғар биікке көтерілді деген сөздің мағынасы қандай? Мәсіх алдымен төменге, жер бетіне түскен еді дегенді білдіреді.10Соған түскен Мәсіх — аспаннан әлдеқайда жоғары орынға, көктің ең биігіне, көтеріліп кеткеннің дәл Өзі. Осылайша Мәсіх бүкіл әлемге өз билігін орнатпақ.11Ол рухани дарындар сыйлап, сенушілердің біреулерін елші, біреулерін пайғамбар, тағы басқаларын Ізгі хабарды таратушы, енді біреулерін қауымның рухани бағушысы немесе тәлімгері етіп тағайындады.12Олар Құдайдың халқын өз қызметтерін атқаруға дайындауға тиіс. Соның нәтижесінде Мәсіхтің рухани денесі өсіп, күшейе бермек.13Осылайша бәріміз бірге Құдайдың рухани Ұлына сеніп, Оны жақын білу арқылы Мәсіхтің кемелдігіне сай келетін біртұтас, жетілген қауым болмақпыз.14Онда біз бұдан былай әрбір ой толқынына тәлкек болған жас баладай кез келген ағымдағы ілімге ілесуден, әрі қу, айлакер адамдардың алдап-арбауына еріп азғындық жолға түсуден аулақ боламыз.15Қайта, бір-бірімізге шындықты сүйіспеншілікпен айтамыз және қауымның Басы — Иса Мәсіхпен тығыз байланысымызда жан-жақты өсіп жетілеміз.16Сонда мүшелері үйлесіп, бірігіп жұмыс істеп тұрған бұл біртұтас рухани дене түгелдей өзінің Басы — Мәсіхке бағынады. Әрбір мүшесі өз міндетін атқарса, бүкіл дене өсіп, сүйіспеншілік арқылы күшейе береді.17Иеміздің атынан сендерге мықтап айтып ескертемін: бұдан былай құдайсыз халықтардың түкке тұрғысыз ойларына сай өмір сүрмеңдер!18Олардың санасын қараңғылық басып, жүректері шындықты білгілері келмей жақсылық атаулыға қарсы қасарысқан, сөйтіп Құдай беретін шынайы өмірден құр қалған.19Мұндайлар ұяттан әбден безіп, жүгенсіздікке салынып, тойымсыз нәпсіқұмарлықпен әр түрлі азғындық істей береді.20Бірақ сендердің Мәсіх туралы үйренгендерің мұндай емес еді ғой!21Оның айтқандарын естіп, Онымен тығыз байланысып, шынайы тәлім алып келдіңдер. Себебі шындық Исада.22Алдамшы құмарлықтарымен өмірлеріңді құртып келген ескі күнәлі болмыстарың мен бұған дейінгі өмір салттарыңды енді тастаңдар!23Рухтарың мен ақыл-ойларың түгелдей жаңарсын;24осылай Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылған жаңа, шынымен әділ де қасиетті адам болып өмір сүріңдер!25Сондықтан өтірікті тастап, әрқайсың басқаларға шындықты айтыңдар! Бәріміз біріккен бір рухани дененің мүшелеріміз ғой.26Ашуланғанда күнә жасамаңдар! деп (Забурда) жазылған. Күн батпай тұрып, ашуларыңды басыңдар,27сөйтіп шайтанның жамандыққа түрткі салуына жол бермеңдер!28Ұры болған енді ұрлық жасамасын, керісінше, адал еңбек етіп, тапқан табысынан мұқтаждарға үлестірсін.29Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін.30Осылай Құдайдың Киелі Рухын ренжітуден аулақ болыңдар! Онымен таңбаландыңдар: өмірлеріңнен орын алған Киелі Рух — бір күні жамандық атаулыдан азат етілулеріңнің кепілі.31Әрқилы кекшілдік, ашу-ыза, айқай-шу, қаралау, тағы басқа барлық жаман нәрселерден арылыңдар!32Қайта, бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!Kazakhstan Bible 2010 © Yeni Yaşam Yayınları (New Life Publications), Istanbul, 1993, 1996, 2000, 2010 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 Ефес 4 00:00:00 00:00:00 0.5x 2.0x https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/ephesians/004.mp3 6 4