× Тіл Еуропа Ресей Белорус Украин Поляк Сербше болгар Словакия Чех Румын Молдова Әзірбайжан Армян Грузин Албан Авар Башқұрт Татар Шешен Словенский Хорват Эстония Латыш Литван Венгр Фин Норвег Швед Исландтық Грекше Македон Неміс Бавариялық Нидерланд Даниялық Уэлш Гаэль Ирланд Француз Баск Каталон Итальянша Галакия Роман Bosnian Солтүстік Америка Ағылшын Оңтүстік Америка Испан Португал Гуарани Кечуан Аймара Орталық Америка Ямайкан Науатль Kiche Qcaqqchi Гаити Шығыс Азия Қытай Жапон Корей Моңғол Ұйғыр Хмонг Оңтүстік-Шығыс Азия Малайзия Бирма Хаха Чин Непал Кебуано Тагалог Камбоджандық Тай Индонезиялық Вьетнамша Ява Лао Ибан Иу Миен Качин Лаху Aceh Balinese Bugis Pampanga Sasak Shan Waray Оңтүстік Азия Хинди Одиа Авадхи Мизо Каннада Малаялам Маратхи Гужарати Тамил Телугу Панжаби Курух Ассам Maithili Бенгали Урду Сингала Догри Харьянви Meitei Конкани Сантали Синдхи Коя Тадо Санскрит Деванагари Adilabad Gondi Ahirani Балочи Bundeli Chhattisgarhi Garhwali Kangri Kumaoni Mewari Munda Sadri Seraiki Shekhawati Sylheti Орталық Азия Қырғыз Өзбек Тәжік Түркімен Қазақстан Қарақалпақ Таяу Шығыс Түрікше Иврит Араб Парсы Күрд Пушту Копт Африка Африкаанс Хоса Зулу Ндебеле Сото Амхарский Wolaytta Нигерия Мосси Ика Динка Кабиле Эве Суахили Марокко Сомали Шона Мадагаскар Igbo Лингала Бауле Сисвати Цонга Цвана Гамбия Йоруба Камба Кинярванда Хауса Чева Луо Макуа Дюла Фулфульде Каленжин Кикюю Кикванго Кирунди Крио Нигериялық пиджин Оромо Тшивенда Тшивенда Twi Умбунду Лугбара Лугуру Пуляр Гусси Маасай Түркана Моба Нуэр Шиллюк Тамашек Маконде Bemba Fon Hadiyya Ibibio Kimbundu Kimiiru Lango Liberian Kreyol Lomwe Mende Morisyen Ndau Nyankole Sena Sidamo Soga Songe Sukuma Tarifit Teso Tiv Zande Австралия континенті Жаңа Зеландия Папуа Жаңа Гвинея Ескі тілдер Арамей Латын Эсперанто 1 1 1 Киелі Кітап 2010 Zhana Osiet 2023Киелі Кітап 20101 1 1 Еврейлерге ЖаратылысКөшіп ШығуЛеуіліктерСанауҚайталауЕшуаБилерРут1 Самуел2 Самуел1 Патшалықтар2 Патшалықтар1 Шежірелер2 ШежірелерЕзраНехемияЕстерӘйүпЗабурНақыл СөздерУағыздаушыТаңдаулы ӘндерИшаяЕремияЖоқтауЕзекиелДаниялОшияДжоэлАмосАбадияЖүнісМихаНағұмХабакұқСофонияНағайЗәкәрияМалахи--- --- ---МатайБелгіЛұқаДжонАктілерРимдіктер1 Қорынттықтарға2 ҚорынттықтарғаҒалаттықтарЕфесФіліпіліктерҚолостықтар1 Салониқалықтарға2 Салониқалықтарға1 Тімоте2 ТімотеТитусФилемонЕврейлергеДжеймс1 Петір2 Петір1 Жохан2 Жохан3 ЖоханЯһудаАян1 1 1 12 123456789101112131 1 1 : 1 12345678910111213141516171819202122232425262728291 1 1 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 Еврейлерге 12 Ескертулерді сақтау 1Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы жарысты қажырлылықпен аяқтайық!2Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.3Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!4Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар.5Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма: Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде Онысын ешқашан менсінбей жүрме, Ол сені жөнге келтіргенде, Лайым еңсең түсіп жүнжіме!6Иеміз сүйетін әркімді де Түзетіп тәрбиелейді де, Бауырына басқан әр баласын да Жазалайды қажет болғанда.7Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма?8Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың.9Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер мойынсұнумыз керек емес пе?10Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді.11Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді.12Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер!13Рухани жағынан әлсіреген бауырластарыңның адаспай, қайта, сауығып кетулері үшін түзу жолмен аяқтарыңды нық басып жүріңдер!14Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.15Абай болыңдар, ешқайсың Құдайдың рақымынан құр қалып жүрмеңдер! Әйтпесе улы жеміс беретін тамырды қазып алып тастамаса, оның қайтадан көктеп, қаулап өсіп кететіні сияқты, мұндай адамдарың өздерінің жаман көзқарастарына көптеген басқаларды да еліктіріп, арамдап, зор зиян тигізетін болады.16Ешқайсыларың да опасыз болып, азғын өмір сүрмеңдер! Яки Есау сияқты қасиетті атаулыға немқұрайды қарамаңдар! Ол бір ішер тамаққа бола өзінің тұңғыштық жолын сата салды ғой.17Кейінірек ол әкесінің ерекше батасын алғысы келгенмен, өтініші қабылданбады. Есау жылап тұрып жалбарынса да, өзінің істеп қойғанын өзгерте алмады.18Сендер ата-бабаларымыз іспетті көріп-естуге болатын мынадай жайтты бастарыңнан өткізбедіңдер: олар от болып лаулап жанып жатқан Синай тауына жақындады. Айнала қара түнек болып, сұрапыл дауыл соғып,19кернейдің қатты даусы шығып, сөздер айтылды. Соны естіген халық мұндай сөздерді енді қайтып естімесек екен деп жалбарынды.20Олар Тауға аяқ-қолдарын тигізген әркімді, тіпті мал тұяғы тисе де, оны таспен атқылап өлтіру керек деген бұйрықтан қорықты.21Осы көріністің әсерінің үрей туғызатындай болғаны сонша, Мұса пайғамбардың өзі: Мен қорқып, үрейленіп тұрмын, — деді.22Ал сендер рухани Сион тауына, яғни мәңгі тірі Құдайдың көктегі Иерусалим қаласына, әрі ондағы сан-мыңдаған періштелерге келдіңдер.23Сондай-ақ, сенушілердің мерекелік жиыны мен қауымына қосылдыңдар. Сендер де, біз де Тәңір Иеге әке мен тұңғыш баласындай жақынбыз, есімдеріміз Оның көктегі кітабына жазылған. Барлық адамдарға үкім шығаратын Құдайдың алдына, әрі өткен кезеңдерде сенімдері арқылы ақталып, мақсаттарына жеткендерге24және Жаңа Келісімнің негізін салған Исаға да келдіңдер. Оның төгілген қаны Әбілдікінен гөрі игілікті хабарға меңзейді.25Абай болыңдар, өздеріңе сөйлеп тұрған Тәңір Иені тыңдаңдар! Ежелде Оның тапсырмасымен жер бетінде сөйлеген Мұса пайғамбарды тыңдамай қойған Исраил халқы жазадан құтылмады. Ендеше бізге көктен сөйлеп тұрған Құдайдың Өзінен бас тартсақ, онда алатын жазамыздан одан бетер құтыла алмаймыз!26Сол кезде Тәңір Иенің зор даусы жерді шайқалтты. Ал қазіргі заман туралы Құдай пайғамбары арқылы мынадай уәде берді: Мен тағы да жер түгіл, аспанды да шайқалтамын!27Тағы да деген сөздер мынаны білдіреді: Құдай Өзі жаратқанның барлығын шайқалтып, орнынан алып тастамақ. Сонда тек шайқалтуға болмайтындар ғана қалады.28Сонымен, өзіміз шаңырағы ешқашан шайқалмайтын Патшалықтан үлес алғандықтан, біз сол үшін Құдайға шын жүректен шүкірлік айтайық! Оны риза қылатындай қызмет етіп, терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын болайық!29Біздің сиынатын Құдайымыз жалмап қоятын от іспетті!Kazakhstan Bible 2010 © Yeni Yaşam Yayınları (New Life Publications), Istanbul, 1993, 1996, 2000, 2010 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 Еврейлерге 12 00:00:00 00:00:00 0.5x 2.0x https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/hebrews/012.mp3 13 12