× Тіл Еуропа Ресей Белорус Украин Поляк Сербше болгар Словакия Чех Румын Молдова Әзірбайжан Армян Грузин Албан Авар Башқұрт Татар Шешен Словенский Хорват Эстония Латыш Литван Венгр Фин Норвег Швед Исландтық Грекше Македон Неміс Бавариялық Нидерланд Даниялық Уэлш Гаэль Ирланд Француз Баск Каталон Итальянша Галакия Роман Bosnian Солтүстік Америка Ағылшын Оңтүстік Америка Испан Португал Гуарани Кечуан Аймара Орталық Америка Ямайкан Науатль Kiche Qcaqqchi Гаити Шығыс Азия Қытай Жапон Корей Моңғол Ұйғыр Хмонг Оңтүстік-Шығыс Азия Малайзия Бирма Хаха Чин Непал Кебуано Тагалог Камбоджандық Тай Индонезиялық Вьетнамша Ява Лао Ибан Иу Миен Качин Лаху Aceh Balinese Bugis Pampanga Sasak Shan Waray Оңтүстік Азия Хинди Одиа Авадхи Мизо Каннада Малаялам Маратхи Гужарати Тамил Телугу Панжаби Курух Ассам Maithili Бенгали Урду Сингала Догри Харьянви Meitei Конкани Сантали Синдхи Коя Тадо Санскрит Деванагари Adilabad Gondi Ahirani Балочи Bundeli Chhattisgarhi Garhwali Kangri Kumaoni Mewari Munda Sadri Seraiki Shekhawati Sylheti Орталық Азия Қырғыз Өзбек Тәжік Түркімен Қазақстан Қарақалпақ Таяу Шығыс Түрікше Иврит Араб Парсы Күрд Пушту Копт Африка Африкаанс Хоса Зулу Ндебеле Сото Амхарский Wolaytta Нигерия Мосси Ика Динка Кабиле Эве Суахили Марокко Сомали Шона Мадагаскар Igbo Лингала Бауле Сисвати Цонга Цвана Гамбия Йоруба Камба Кинярванда Хауса Чева Луо Макуа Дюла Фулфульде Каленжин Кикюю Кикванго Кирунди Крио Нигериялық пиджин Оромо Тшивенда Тшивенда Twi Умбунду Лугбара Лугуру Пуляр Гусси Маасай Түркана Моба Нуэр Шиллюк Тамашек Маконде Bemba Fon Hadiyya Ibibio Kimbundu Kimiiru Lango Liberian Kreyol Lomwe Mende Morisyen Ndau Nyankole Sena Sidamo Soga Songe Sukuma Tarifit Teso Tiv Zande Dagbani Австралия континенті Жаңа Зеландия Папуа Жаңа Гвинея Ескі тілдер Арамей Латын Эсперанто 1 1 1 Киелі Кітап 2010 Zhana Osiet 2023Киелі Кітап 20101 1 1 Яһуда ЖаратылысКөшіп ШығуЛеуіліктерСанауҚайталауЕшуаБилерРут1 Самуел2 Самуел1 Патшалықтар2 Патшалықтар1 Шежірелер2 ШежірелерЕзраНехемияЕстерӘйүпЗабурНақыл СөздерУағыздаушыТаңдаулы ӘндерИшаяЕремияЖоқтауЕзекиелДаниялОшияДжоэлАмосАбадияЖүнісМихаНағұмХабакұқСофонияНағайЗәкәрияМалахи--- --- ---МатайБелгіЛұқаДжонАктілерРимдіктер1 Қорынттықтарға2 ҚорынттықтарғаҒалаттықтарЕфесФіліпіліктерҚолостықтар1 Салониқалықтарға2 Салониқалықтарға1 Тімоте2 ТімотеТитусФилемонЕврейлергеДжеймс1 Петір2 Петір1 Жохан2 Жохан3 ЖоханЯһудаАян1 1 1 1 11 1 1 : 1 123456789101112131415161718192021222324251 1 1 Яһуда 1 Ескертулерді сақтау 1Иса Мәсіхтің басыбайлы қызметшісі әрі Жақыптың туған інісі Яһудадан Құдай Әке сүйіспеншілікпен Өзіне бағыштап, қасиетті халқы болуға шақырған, Иса Мәсіх аман сақтап жүрген сенушілерге дұғай сәлем:2Ол сендерге шапағатын жаудырып, амандық, тыныштық және сүйіспеншілікті молынан сыйлай көрсін!3Сүйікті бауырластарым, мен бар ынтаммен бәрімізге ортақ құтқарылу туралы хат жазбақшы едім. Алайда Құдайдың Өзіне бағыштаған халқына біржола аманаттаған, бәріміз сенетін шынайы ілімін жан сала қорғауды ескертіп жазуымды қажет деп есептедім.4Себебі араларыңа бірқатар адамдар білдіртпей ұрланып еніп алыпты. Осы арсыздар сотталуға баяғыда-ақ белгіленген болатын. Олар азғындықтарына сылтау ету үшін Құдайымыздың рақымы туралы Ізгі хабарды бұрмалайды. Сонымен қатар олар Иса Мәсіхті бірден-бір Әміршіміз әрі Иеміз деп мойындамайды.5Сендер ежелгі замандағы мына жайттарды түгел білсеңдер де, оларды қайтадан естеріңе салып өткім келеді: Иеміз Иса өз халқын Мысырдан құтқарып алған еді, ал кейін көпшілігі қасарысып, сенбегенде Ол солардың көздерін құртты.6Сондай-ақ, өздерінің билік жүргізуге тиесілі орындарын сақтамай, мекен-тұрағын тастап кеткен періштелерді де ескеріңдер: Иеміз оларды соттайтын ұлы күн жеткенше, тозақтың қара түнегінде мәңгі шынжырлап сақтап отыр.7Сол сияқты, Содом, Ғомора және маңайындағы қалаларды ұмытпаңдар: олардың тұрғындары жыныстық азғындықпен әуестеніп, табиғатқа қайшы ұятсыздықтарға салынғандары үшін жазаланды. Сонымен олар мәңгілік отта азап шегетіндердің мысалы болды.8Дәл осылайша, араларыңдағы сол түс көрушілер өз тәндерін масқаралап, ешбір билікті елемей, абыройлы билеушілерді балағаттап жүр.9Ал тіпті бас періште Михайл Мұса пайғамбардың мәйіті туралы шайтанмен айтысқанда, оны балағат сөзбен айыптауға дәті бармады. Ол Жаратқан Ие саған жазаңды тартқызсын! — деп қана қойды.10Бірақ сол алдамшылар өздері түсінбеген нәрселер туралы жаман сөз айтып, қарсыласады. Олар жабайы аңдар сияқты ақылдарымен емес, түйсіктерімен ғана білген нәрселері арқылы өздері жойылып кетпек.11Бұлар қасіретке қалмақ! Олар Қабыл таңдаған жолмен жүреді және Балағам іспетті өздері алатын сыйына қызығып, алдамшылыққа беріледі. Ақырында олар Қорах сияқты қиқарлықпен (қауым жетекшілеріне қарсы) бас көтергендері үшін құртылмақ.12Осындайлар достық дастарқандарыңа еш қаймықпастан келіп, тойынып алып, сендерді лас дақтар сияқты ұятқа қалдырады. Мұндай адамдар жаман шопандай тек өз қамдарын ғана ойлайды. Олар жел айдаған жаңбырсыз ақша бұлт іспетті, әрі күзде жеміс бермейтін, тамырымен жұлынған, біржола өлген ағаш секілді ешбір пайда келтірмейді.13Қайта, олар ұятсыз істерін паш етіп, көбік шашып, қоқыр-соқыр әкеліп жатқан теңіздің буырқанған толқындарына ұқсайды. Осы азғырушылар кезбе жұлдыздай тура бағытты сілтей алмайды; оларға тозақтың мәңгілік қара түнегі дайын тұр.14Бұлар туралы адамзаттың жетінші атасы Енох пайғамбар былай деп алдын ала айтқан еді: Тыңдаңдар, Иеміз Өзінің он мыңдаған қасиетті нөкерлерін ертіп көктен түспек!15Ол бәрін де соттап, әділетсіздердің зұлымдықпен істеген барлық жаман істерін де, арсыз күнәкарлардың Оған қарсы айтқан күллі қатал сөздерін де әшкерелеп, жазаларын тартқызатын болады.16Мұндайлар ұдайы наразылық білдіріп, күңкілдеп жүреді. Олар жаман құмарлықтарына салынып, бас пайдалары үшін мақтанып, өзгелерге жағымпазданады.17Ал сендер, сүйікті бауырластарым, Иеміз Иса Мәсіхтің елшілерінің алдын ала айтып кеткендерін естеріңе түсіріңдерші!18Олар сендерге: Осы соңғы заманда өздерінің арсыз құмарлықтарына салынып, шынайы ілімді келемеждеп жүрген адамдар шығады! — деген еді.19Қауымдарға жік салатын мұндайларда Киелі Рух болмайды, қайта, олар күнәкар болмыстарының жетегінде жүреді.20Ал сендер, сүйікті бауырластарым, өздерің сенетін Тәңір Иенің қасиетті де пәк таза ілімінің негізінде рухани өсіп толысуға ұмтылыңдар; Киелі Рухтың жетелеуімен сиыныңдар.21Әрдайым Құдайдың сүйіспеншілігіне бөленіп, жамандық атаулыдан сақтаныңдар. Иеміз Иса Мәсіхтің қайта оралғанда өздеріңе шапағатын тигізіп, мәңгілік өмірге жеткізуін аңсап күтіңдер!22Ізгі хабарға күмәнданып жүргендерге қайырымды болып,23оларды ынта-жігермен тозақ отынан құтқарып алыңдар! Ал (жалған ілімдерді ұстанған) басқаларға аяушылық танытқанда, күнәнің ықпалынан шошына сақтаныңдар! Олардың азғын болмыстарынан бастау алатын арам істерінен жиреніп, аулақ жүріңдер!24Сендерді адасып кетуден сақтап, Өзінің нұрлы салтанаты көрінген күні қуанышпен, мүлтіксіз таза күйлеріңде өз алдына тұрғызуға25бірден-бір Құдайымыздың құдіреті жетеді. Ол бізді Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарған еді ғой. Даңқ пен ұлылық, құдірет пен билік күллі өткен дәуірлерде болғандай, қазір де, мәңгілік те Онікі! Аумин.Kazakhstan Bible 2010 © Yeni Yaşam Yayınları (New Life Publications), Istanbul, 1993, 1996, 2000, 2010 Қазақстандық Киелі Кітап 2010 Яһуда 1 00:00:00 00:00:00 0.5x 2.0x https://beblia.bible:81/BibleAudio/kazakhstan/jude/001.mp3 1 1